Израилде El Al израилдік әуекомпаниясының ұшағы қайтадан ұшу алаңына қонуға мәжбүр болды

АСТАНА. 23 мамыр. ҚазАқпарат - Бен Гурион халықаралық әуежайының өкілдері хабарлағандай, ішінде 260 жолаушысы бар Нью-Джерси Америка штатының Ньюарк қаласына бағыт алған Boeing-777 ұшағы техникалық ақаулар салдарынан

Израилде El Al израилдік әуекомпаниясының  ұшағы қайтадан ұшу алаңына қонуға мәжбүр болды

қайтадан Бен Гурион атындағы әуежайға қонуға мәжбүр болды.

Бұл туралы Associated Press агенттігіне сілтеме жасай отырып, РБК агенттігі хабарлады.

Қонар алдында ұшақ жанар майды бітіру үшін Жерорта теңізінің үстінен айнала ұшқан. Әуе кемесі жерге қонарда әуежайға ондаған өрт сөндіру көлігі мен жедел-жәрдем машиналары келді. Осы уақытта әуежайда төтенше жағдай режимі жарияланды.

Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Мәселенің анық-қанығы нақтыланбады. Тергеу жүргізілуде.