Израилде жолаушылар пойызы соқтығысып қалды

АСТАНА. 7 сәуір. ҚазАқпарат - Бейсенбі күні таңертең Израилдің Нетания курорттық қаласының маңында жолаушылардың екі пойызы соқтығысып қалды,

Израилде  жолаушылар пойызы соқтығысып қалды

деп хабарлайды жергілікті жедел жәрдем өкілінің сөзіне сілтеме жасай отырып Утро.ру агенттігі.

«Бір адам орташа деңгейде зардап шексе, 50 адам жеңіл жарақаттанған. Біз көмек көрсетіп жатырмыз», - деген ақпарат көзі.

Жолаушылар пойызы жергілікті уақыт бойынша 09.30-да апатқа ұшыраған. Израиль полициясы оқиғаның себеп-салдарын анықтап жатыр.