Израильдіктер үшін АҚШ-пен визасыз режим күшіне енді

Израильдіктер енді АҚШ-қа қысқа мерзімді сапарлар үшін визасыз режимге қол жеткізе алады. Кazinform бұл туралы USA Today-ге сілтеме жасап хабарлайды.

визасыз режим
Фото: коллаж pixabay

Бейсенбіде Израиль ресми түрде АҚШ-қа визасыз кіру бағдарламасының қатысушысы болды. Бүл виза Израиль азаматтарына алдымен виза алуды қажет етпестен АҚШ-қа іскерлік немесе туристік мақсатта 90 күнге дейін баруға мүмкіндік береді.

Визасыз кіру бағдарламасы шамаланған уақыттан сәл ертерек күшіне енді. 27 қыркүйекте визасыз кіру бағдарламасы жарияланған кезде АҚШ билігі бұл бағдарлама израильдіктер үшін 30 қарашада қолжетімді болатынын айтты.

«Израильдің визасыз бағдарламасына кіргені - екі ел халқы арасындағы бұрынғы қарым-қатынасты, экономикалық ынтымақтастықты және қауіпсіздікті үйлестіруді одан әрі нығайта түсетін стратегиялық серіктестігіміздегі маңызды қадам», - деп мәлімдеді АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен.

Бағдарламаға қатысуға ниет білдіргендер АҚШ кеден-шекара қызметінің (ESTA) электронды жүйесі (ESTA) немесе мобильді қосымша арқылы өтініш бере алады. Мақұлдау 72 сағатқа дейін созылуы мүмкін.

Бағдарламаға қатысу үшін Израиль азаматтары мен қоластындағы азаматтарында биометриялық деректері бар төлқұжат болуы керек. Қосымша қазіргі кезде тек ағылшын тілінде қолжетімді, бірақ 1 қарашада қосымша тілдерді де қосу жоспарланып отыр.

Израильдіктер үшін визасыз режим енгізу Таяу Шығыстағы қақтығыстардың шиеленісуіне байланысты жарияланды. Бейсенбіде қаза тапқан израильдіктер мен палестиналықтардың саны 5 мың адамнан асты.