Израильдің Газа секторын бомбалауы салдарынан тағы 100 адам қаза тапты

ТЕЛЬ-АВИВ. KAZINFORM – Израильдің Газа секторының Мысырмен шекаралас аймақтарына жасаған әуе шабуылы салдарынан 100 адам қаза тауып, 230-дан астамы жараланды. Олардың көпшілігі әйелдер мен балалар.

Соғыс
Фото: reuters.com

Израиль Газа секторының Мысырмен шекаралас, Анклавтың оңтүстігіндегі аудандарына соққы беруді жалғастыруда. Бұл туралы ТАСС ливандық «Аль-Маядин» телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Рафахтағы жарылыстан кейін үйінді астында қалған бейбіт тұрғындарға құтқарушылар мен төтенше жағдайлар қызметкерлерінің әлі жете алмай отырғаны атап өтілді.

Зардап шеккен әйелдер мен балалардың жағдайы мүшкіл.