Израильдің Ливанға жасаған соққыларынан зардап шеккендердің саны 2,3 мыңнан асты

АСТАНА. KAZINFORM – 2023 жылдың 8 қазанынан бері Израильдің Ливандағы соққыларының салдарынан 2309 адам қаза тапты. Бұл туралы Ливан денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдемесінде айтылған, деп жазады Анадолы.

Израиль
Фото: видеодан алынған кадр

Тағы 10 782 адам жарақат алды, делінген хабарламада.

Бір күн бұрын Израиль әскерінің шабуылдары нәтижесінде 3 адам қаза тауып, 84 адам жараланғаны атап өтілді. Израильдің Ливандағы бомбалауы салдарынан 100 мың адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды.

Елдің оңтүстік аймақтарынан ел астанасы Бейрут пен солтүстікке қарай көшу толқыны жалғасуда. Ливан үкіметі 430 мыңнан астам босқын Сирияға қашып кеткенін хабарлады.

Айта кетейік, бұған дейін «Хезболла» Израиль базасына дронмен шабуыл жасап, төрт сарбаз мерт болғанын жазған едік.

Сауд Арабиясы Ливанға 40 млн тонна гуманитарлық көмек жөнелтті.