Израильдің соңғы шабуылынан Ирандағы ядролық қондырғылар зардап шеккен жоқ – МАГАТЭ

Иран
Фото: Синьхуа

АСТАНА. KAZINFORN - Израильдің соңғы әуе соққысынан Ирандағы ядролық қондырғылар зардап шеккен жоқ. Бұл туралы Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігі (МАГАТЭ) хабарлады, деп жазды қытайлық Синьхуа сайты.

«МАГАТЭ инспекторлары қауіпсіз және Ирандағы маңызды жұмыстарын жалғастыруда, - деді МАГАТЭ-нің бас директоры Рафаэль Гросси.

Өз кезегінде Р.Гросси ядролық және басқа радиоактивті материалдардың сақталуына қауіп төндіретін іс-әрекеттерге барынша сақ болуға шақырды.

Еске салсақ, өткен сенбі күні Израиль әскерилері Ирандағы әскери нысандарға әуеден соққы жасады. Израиль билігі әуе соқысы Ирандағы әскери нысандарға дәл тиіп жатқанын мәлімдеді. Израиль әскері Иранның маңызды деген қорғаныс өнеркәсібінің орталық әскери нысандарына, соның ішінде зымыран зауыттары, ұшқышсыз ұшақтарды әзірлеу және өндіру нысандары және баллистикалық зымырандарды ұшыру базаларына соққы берген. 

Соңғы жаңалықтар
telegram