АҚШ Қорғаныс министрі де Израильге баратын болды
Жұма күні АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен келгеннен кейін Израильге АҚШ-тың Қорғаныс министрі Ллойд Остин де бармақ. Бұл туралы Kazinform BBC агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл ақпаратты АҚШ Қорғаныс министрлігінің өкілі анонимді түрде жеткізген. Яғни министр Израиль премьері Биньямин Нетаньяхумен және жақында ғана құрылған Ұлттық бірлік үкіметінің мүшелерімен кездесіп, соғыс жоспары мен олардың көздеген мақсатын талқыламақ.
Осы аптада НАТО елдері министрлерімен кездесуден соң Ллойд Остин Вашингтонның ХАМАС-пен күрес үшін берген қаруларды қолдануда Израильдің мүмкіндіктерін шектемейтінін жеткізді.
АҚШ Израильге оқ-дәрілер, нақтырақ айтқанда, «Темір күмбез» әуе қорғаныс жүйесіне қажетті зымырандар жіберді. АҚШ жіберген оқ-дәрілер тиелген ұшақ Израильге екі күн бұрын келген.