«JCI» аккредитациясының стандарттары медициналық қызметтердің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді

АСТАНА. 10 сәуір ҚазАқпарат - Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы дамыған елдердегі ауруханалардың сапасы мен науқастардың қауіпсіздік деңгейіне берілетін «алтын стандарт» - «Joint Commission International (JCI)» халықаралық стандартын алған Қазақстандағы алғашқы медициналық ұйым атанды.
None
None

«JCI» аккредитациясының стандарттары көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді, деп хабарлады «Ана мен бала ұлттық медциналық орталығы» АҚ науқастардың қауіпсіздігі мен сапаны бағалау бөлімінің бастығы Айнұр Айыпханова рm.kz сайтына берген сұхбатында.

 «Бұл стандарттардың бірегейлігі - реттеу саласы өте кең денсаулық сақтау ұйымдарына есептелгендігінде. Әлем бойынша осы стандартты алған 400-ге жуық  ұйым бар, солардың қатарына Қазақстаннан алғаш рет Ана мен бала ұлттық медициналық орталығы қосылды», - деді А.Айыпханова.

 Оның атап өткеніндей, «JCI» стандарты Қазақстанның әлемдік жоғары мамандандырылған медициналық қызметтер нарығына жасаған серпіні болды.

 «JCI» аккредитациясы немесе сертификатын алған ауруханаларда ақылы қызмет алатын науқастар мен медициналық туристердің легі бірден артады. Ең алдымен бұл стандарт науқастарды жақсы емдеуді, емдеу сапасын арттыруды, ауруханадағы қауіпсіздік пен науқастардың жайлылығын ұйымдастыруды көздейді», - деп атап өтті А.Айыпханова. 

Соңғы жаңалықтар