Jibek Joly арнасындағы «100 Sarbaz» жобасының жеңімпаздары анықталды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Jibek Joly телеарнасы көрермендеріне ұсынған «100 Sarbaz» әскери- патриоттық реалити жобасының жеңімпаздары анықталды.

«100 Sarbaz» жобасының жеңімпаздары анықталды
Фото: Александр Павский / Kazinform

Әскери салаға арналған алғашқы ауқымды әрі бірегей жоба — «100 Sarbaz» аяқталды. Жарыстың финалы әсерлі текетіреске толы болды.Қатысушылар жауынгерлік дайындық элементтері бар кедергілерді еңсеруге барын салды.

«100 Sarbaz» жобасының жеңімпаздары анықталды
Фото: Александр Павский / Kazinform

Сарбаздар биік қабырғаның үстіне шығып, қашықтыққа жылдамдықпен жүгірді, құрылымдардың астына кіріп, мұнараға көтерілді. Олар тапсырманы тез әрі сапалы орындады.

«100 Sarbaz» жобасының жеңімпаздары анықталды
Фото: Александр Павский / Kazinform

Тартысты бәсекеде ҚР Қарулы күштері арнайы операциялар күштерінің командасы тактикалық шеберлік пен физикалық дайындықтарын жоғары дәрежеде көрсетіп, барлық қарсыластарын артта қалдырып, жеңіске жетті.

«100 Sarbaz» жобасының жеңімпаздары анықталды
Фото: Александр Павский / Kazinform

— Біздің команда жеңіске жетті. Бізді осындай бағдарламаға қатысуға шақырған Jibek Joly телеарнасына, ұйымдастырушыларға алғыс айтамын. Олар бізге, менің жігіттеріме сенім артты, — Команда капитаны Семсер Махабыл.

Ішкі істер министрлігінің командасы ұйымшылдық пен табандылық танытып, екінші орынды иеленді. Үшінші орын Құрлық әскерінің командасына бұйырды.

«100 Sarbaz» жобасының жеңімпаздары анықталды
Фото: Александр Павский / Kazinform

Жобаның мақсаты — жауынгерлердің адами портретін көрсету. Әскери қызметкерлердің ең жақсы қасиеттерін — батылдығын, жігері мен ержүректілігін паш ету.100 Sarbaz — намыс жобасы. Оған әуе қорғанысы күштері, құрлық әскерлері, Ұлттық ұлан сияқты он команда қатысты.

— Айта кету керек, мұндай реалити-шоу Қазақстанда алғаш рет түсіріліп жатыр, әсіресе құқық қорғау органдарының қатысуымен бұл 10 адамнан тұратын 10 команда. Әрине, өз қауіптері, өз қиыншылықтары болды. Жоба барысында қатысушылар өздерінің тек білек күшін ғана емес, ең қиын сынақтарға төтеп бере алатындарын да көрсетті, — әскери- патриоттық реалити жобасының жүргізушісі Берік Айтжанов.

«100 Sarbaz» жобасының жеңімпаздары анықталды
Фото: Александр Павский / Kazinform
«100 Sarbaz» жобасының жеңімпаздары анықталды
Фото: Александр Павский / Kazinform

Осыған дейін «100 Sarbaz» — қазақ телевизиясындағы әскер саласына арналған алғашқы ауқымды бірегей жоба екені туралы жазған едік.