LIVE: Jibek Joly арнасындағы саяси партиялар теледебатының жеребе тарту рәсімі
АСТАНА. KAZINFORM - Jibek Joly телеарнасының тікелей эфирінде саяси партиялар арасындағы сайлауалды теледебат алдындағы жеребе тарту рәсімі басталды.
Жеребе қорытындысы бойынша алғашқы командалық теледебатқа қатысатын партия өкілдерінің сөз сөйлеу реті анықталады.
Телевизиялық дебат Jibek Joly телеарнасында 12 тамыз күні сағат 20:00-де өтеді.
Тақырыбы: Заң мен тәртіп – әділетті Қазақстанның негізі.
Қатысушылар:
«Әділет» партиясы - Айжан Аймағанова мен Мәди Мырзағараев;
ЖСДП - Лариса Ли мен Нұрайнаш Камалова;
«Байтақ» партиясы - Амалбек Өміртай мен Алмат Тұртаев;
Қазақстан Халық партиясы - Жандос Бидайбеков пен Ирина Смирнова;
«Ауыл» партиясы - Жазира Сұлтанқұлова мен Ерболат Саурыков;
«Ақ жол» партиясы - Бек-Мұхамед Жаукебаев пен Ермек Әбілдин;
Respublica партиясы - Олжас Құспеков пен Динара Шүкіжанова.