Jibek Joly арнасын халықаралық телеарна ретінде дамытуды жоспарлап отырмыз - министр

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Орталық Азия елдерінде Қазақстанның телеарналарына сұраныс бар. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Орталық Азия елдерінде Qazaqstan, «Хабар», Jibek Joly телеарналарын көп қарайды. Сонымен қатар, бұл бағытта Әзербайжанмен арада түрлі меморандумдарға қол қойдық. Қырғызстан мен Өзбекстанда біздің телеарналар көрсетіледі», - деді Дархан Қыдырәлі Сенатта «Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілердің мемлекеттік идеологияны қалыптастырудағы орны» тақырыбында өткен жиында.

Осы орайда министр қазақ диаспорасы көп тұратын Моңғолияда және басқа да елдерде отандық телеарналардың көрсетілуін кеңейту жоспарланып отырғанын айтты.

«Атап айтқанда, Jibek Joly телеарналарын халықаралық арна ретінде дамытуды жоспарлап отырмыз», - деді Дархан Қыдырәлі.

Бұдан бұрын хабарланғандай, министр Сенаттағы жиында отандық сериалдарға ішкі нарықта және халықаралық деңгейде үлкен сұраныс бар екенін айтты.


Соңғы жаңалықтар
telegram