Jibek Joly арнасында жылы лебіздер марафоны басталды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Jibek Joly телеарнасы жақындарына көгілдір экран арқылы жылы лебіз білдіргісі келген адамдарға арнап жаңа жобаны қолға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None

Жоба мейрамға толы наурыз айына дөп келіп отыр. Қазақстандықтар арнаға өз жақындары мен тілеулестерін мейрмаммен құттықтап, видео жібере алады. Ол видео арнаның эфирінен беріледі.

Бұл мүмкіндікті алғашқылардың бірі болып актер Мейірғат Амангелдин пайдаланып, ұстаздарының біріне арна эфирі арқылы алғыс айтқан.

«Гүлнәр апай, сізге 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай, алғыс айтқым келеді. Осындай білім беріп, тәрбие бергеніңіз үшін, қаншама шәкіртті тәрбиелеп жатқаныңыз үшін алғыс білдіремін. Сізге өз атымнан және Jibek Joly арнасының атынан сәлем жолдаймын», - деді актер.

Бұған риза болған ұстаз да эфир арқылы еңбегін елеп, лебіз білдірген шәкіртіне, осы игі іске мұрындық болған арна ұжымына алғыс айтты.

Жоба авторларының айтуынша, қазақстандықтар Jibek Joly арнасы ұсынып отырған бұл мүмкіндікті 8 наурыз бен Наурыз мерекесі қарсаңында да пайдалана алады.


Соңғы жаңалықтар