Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Jibek Joly эфиріндегі теледебатқа қатысушылар пікірталас алаңына жинала бастады

АСТАНА. KAZINFORM — Дәл қазіргі сәтте Jibek Joly телеарнасында өтетін алғашқы командалық телевизиялық дебатқа қызу дайындық жүріп жатыр.

т
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Дебат қатысушылары «Қазмедиа орталығына» жинала бастады. Оларды партияластары қолдап, сәттілік тілеп, пікірталаста өз партияларының ұстанымын лайықты жеткізуге жігер беруге тырысып жатыр.

теледебат
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform
сайлау
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Бұл теледебат Құрылтайдың алғашқы сайлауына қатысушы саяси партиялар арасындағы пікірталас алаңдарының бірі болмақ. Тақырып: «Заң мен тәртіп — Әділетті Қазақстанның негізі».

т
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Эфир барысында тараптар өзекті мәселелер бойынша пікір білдіріп, сайлаушыларға өздерінің саяси ұстанымдарын таныстырады.

т
Фото: Агибай Аяпбергенов / Kazinform

 

т
Фото: Агибай Аяпбергенов / Kazinform

Бүгінгі теледебаттың басты ерекшелігі — пікірталас командалық форматта өтеді, яғни әр саяси партиядан пікірталас алаңына бір емес, екі спикерден шығады.

т
Фото: Агибай Аяпбергенов / Kazinform
т
Фото: Агибай Аяпбергенов / Kazinform

11 тамызда Jibek Joly телеарнасының тікелей эфирінде жеребе тарту рәсімі ұйымдастырылып, саяси партиялар өкілдерінің бүгінгі теледебатта сөз сөйлеу реті белгілі болған еді. 

1. «Ақ жол» партиясы — Бек-Мұхамед Жәукебаев, Ермек Әбілдин;

2. Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы — Лариса Ли, Нұрайнаш Камалова;

3. «Әділет» партиясы — Айжан Аймағанова, Мәди Мырзағараев;

4. Қазақстанның Халық партиясы — Жандос Бидайбеков, Ирина Смирнова;

5. «Ауыл» партиясы — Жазира Сұлтанқұлова, Ерболат Саурықов;

6. «Байтақ» партиясы — Амалбек Өміртай, Алмат Тұртаев;

7. Respublica партиясы — Олжас Құспеков, Динара Шүкіжанова.

Дебатқа қатысатындар өздерінің партиясы неліктен қолдауға лайық екеніне сайлаушыларды сендіруі тиіс.

т
Фото: Агибай Аяпбергенов / Kazinform
т
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform
т
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform
т
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Көрермен партиялар өкілдерінің уәждерін тыңдап, пікірталасына куә болады.

т
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform
т
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Бұл тұрғыда барлық қатысушыға тең мүмкіндік беріледі. Регламенттің сақталуы да қатаң бақыланады.

Айта кетейік, теледебатты сағат 20:00–де Jibek Joly телеарнасының тікелей эфирінен, сондай-ақ телеарнаның ресми YouTube арнасынан көруге болады.

Эфир барысында дебатқа қатысушыларға WhatsApp арқылы сауал жолдап, QR-код арқылы баға беру мүмкіндігі болады.

Еске салсақ, биыл 1 шілдеде Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы Құрылтайының сайлауын тағайындау туралы» Жарлыққа қол қойды. Сайлау 23 тамызда өтеді.

ҚР Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай сайлауына қатысатын 7 саяси партияның барлығының партиялық тізімдерін тіркеді. 145 депутаттық мандатқа 545 кандидат үміткер болып отыр.