Jibek Joly телеарнасы Ақтаудағы түркі әлеміне арналған концертті тікелей эфирде көрсетеді
АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін сағат 19:30-да Jibek Joly телеарнасы «Ақтау – түркі әлемінің мәдени астанасы» атты ірі шоуды тікелей эфирде көрсетеді.

Іс-шараның ашылу салтанатына 25 мың адам қатысады деп жоспарланған. Ұйымдастырушылар – ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы, Мәдениет және ақпарат министрлігі, Маңғыстау облысы мен Ақтау қаласының әкімдігі.
Шоу концертке Димаш Құдайберген, «Kalifarniya», Мирбек Атабеков қатысады. Сондай-ақ, әзербайжандық әнші Роза Зергерлі мен әйгілі «Ялла» тобы да бар.
Айта кету керек, Ақтау түркі әлемінің мәдени астанасы мәртебесін алған үшінші қазақстандық қала болды. Мұндай мәртебе 2012 жылы Астанаға, кейін Эскишехир (Түркия), Қазан (Ресей), Мара (Түрікменстан) және Шеки (Әзірбайжан) қалаларына берілген болатын.
Іс-шара аясында ақындар айтысы, суретшілер мен мүсіншілер симпозиумы, қолөнершілер фестивалі және тарихи-ғылыми конференциялар өтеді. Көрермендерге арнап дрон шоуы әзірленген. Осы думанның бәрін Түркия мен Әзірбайжан тұрғындары тікелей эфирде көре алады.
Бұған дейін Ақтауда арғықазақ мифологиясына құрылған «Суын айғыр» ауылы ашылғанын жазған едік.