Jibek Joly телеарнасы «Қайыры мол Қадір түні» арнайы жобасын ұсынады

АСТАНА. ҚазАқпарат – Айлардың сұлтаны - Рамазан, түндердің қайырлысы - Қадір түні. Осыған орай, бүгін «Jibek Joly» телеарнасы «Қайыры мол Қадір түні» арнайы жобасын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Jibek Joly телеарнасы «Қайыры мол Қадір түні» арнайы жобасын ұсынады

Қадір түні – күллі мұсылман үшін Рамазан айында келетін маңызды әрі қасиетті кезеңнің бірі. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биылғы Қадір түнін сәуірдің 17-нен 18-не қараған түніне белгілеген болатын. Осыған орай «Jibek Joly» телеарнасы бүгін түнгі сағат 23:00-ден 01:00-ге дейін «Қайыры мол Қадір түні» арнайы жобасын ұсынады. Бағдарламаны Нұрлан имам Байжігітұлы жүргізеді. Эфир барысында мешіттегі жамағатпен және студияға арнайы шақырылған меймандармен Қадір түнінің қадір-қасиеті, мән-маңызы туралы сұхбат өрбитін болады. Сондай-ақ, қасиетті Меккеде қажылықта жүрген жерлестерімізбен де тікелей байланысқа шығу жоспарланған.

Қайыры мол Қадір түнінде «Jibek Joly» телеарнасы қосулы болсын!