«Jibek Joly» телеарнасынан «Сұхбат - Ләйлә Сұлтанқызымен» көрерменге жол тартады
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін «Jibek Joly» телеарнасынан «Сұхбат» Ләйлә Сұлтанқызымен» атты бағдарлама эфирге шығады.
Аптаның әр бейсенбісінде «Jibek Joly» арнасында шығатын бағдарлама - лауазымды тұлғалар, қоғам қайраткерлері, өнер майталмандарымен ой қозғайтын Ләйлә Сұлтанқызының авторлық бағдарламасы.
Бағдарламаның мақсаты - танымал тұлғаларды басқа қырынан ашып, олардың өміріндегі өзгерістері жайлы сыр тарту.

Тұлғалардың жетістік жолындағы тәуекелдері, батыл қадамдары, өкініштері туралы ой қозғау. Бүгінгі қоғамдағы маңызды оқиғаларға өзіндік көзқарасын білу.
Түсірілім алаңы әртүрлі кейіпкерге байланысты ұйымдастырылады.

Эфир қонақтары өзіндік жетістік жолымен бөлісіп, өткені мен бүгіні туралы сыр шертеді, заман мен қоғам жайлы әңгіме айтылады.
Ең бастысы бағдарлама соңында 5 сұрақ қойылады. Бұл әр қонақты ойландыратын, қызықты әрі маңызды, күтпеген сұрақ болмақ.
Видеодан алынған кадырлар