Johnson & Johnson өнімдері қатерлі ісікке шалдықтырған - АҚШ-тағы сот

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-та Миссури штатының соты Johnson & Johnson компаниясынан 22 әйелдің пайдасына 4,69 млрд доллар өтемақы өндіру туралы шешім шығарды. 

Johnson & Johnson өнімдері қатерлі ісікке шалдықтырған - АҚШ-тағы сот

Олар бірнеше жыл бойы балалар сеппесін қолданып, оның салдарынан аналық безі қатерлі ісігіне шалдыққандарын айтқан, деп хабарлайды Reuters.

Компанияның төлеуге міндетті сомасы - АҚШ тарихында сапасыз өнім ісі бойынша өндірілген қаржының рекордтық көрсеткіштерінің бірі.

Шағым түсірген әйелдердің барлығы J&J компаниясын балалар ұнтағына тыйым салынған асбест қосты деп айыптауда.

Алқабилер соты бұл істі бес апта бойы қарап, екі тараптың ондаған сарапшысын тыңдаған.

J&J өз кезегінде компания өнімдерінің зиян келтіретінін жоққа шығарды. 

"Johnson & Johnson үкіммен келіспейді, бұл шешімге шағым түсіруге ниетті», - делінген компанияның мәлімдемесінде.

J&J акциясы үкім шыққаннан кейін 1%-ға құлаған.