«Joqtau» фильмі әлемдегі беделді Locarno Film Festival кинофестивалінің конкурстық бағдарламасына енді

АСТАНА. KAZINFORM – «Joqtau» фильмі әлемдегі беделді кинофестивальдердің бірі Locarno Film Festival байқау бағдарламасына енді.

фильм
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қазақстандық режиссер Аруан Анартайдың «Joqtau» дебюттік фильмі Locarno Film Festival Халықаралық кинофестивалінің конкурстық бағдарламасына еніп отыр. 

фильм
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Швейцария кинофестивалі – ең беделді фестивальдердің бірі және әлемдік киноиндустриядағы ықпалы зор бестіктің қатарында. Локарнодағы 77-ші кинофестиваль 2024 жылдың 7-17 тамызы аралығында өтеді. Байқауға түскен әр фильм бес ретке дейін фестивальдің 10 алаңында көрсетіледі. Роуд-муви жанрындағы фильмде қазақ даласы мен оның түкпіріне сапарға шыққандар туралы баяндалады. Кейіпкерлер түрлі оқиғаларды бастан кешіріп, олардың ұстанымдары мен сенімі сыналады. 

фильм
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Фильмдегі басты рөлдерді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Исбек Әбілмәжінов, көрерменге «Қаш», «Патриоттар уақыты», «Сақтаушы» картиналары арқылы танылған, атышулы «Дәстүр» фильмінде ойнаған Ермек Шынболатов. Сондай-ақ «Joqtau» фильмі мансабындағы алғашқы жоба болған актриса Ирина Балкова сомдайды. .

«Joqtau» фильмі үшін композитор Санжар Бәйтереков қазақтың ұлттық аспабы қобызбен инструменталды музыка жазды. Фильм Қазақстан Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен түсірілген.  

фильм
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі
Соңғы жаңалықтар