JP Morgan рекордты 13 млрд. доллар көлеміндегі өтемақыны төлейтін болды

АСТАНА. 20 қараша. ҚазАқпарат - Америкалық JP Morgan инвестициялық банкі проблемалық ипотекалық құнды қағаздар бойынша наразылықты реттеу үшін 13 млрд. доллар төлеу туралы АҚШ билігімен келісімге келді. Атап айтқанда осы проблемалық құнды қағаздар салдарынан қаржы дағдарысы кезеңінде банк клиенттері елеулі шығынға ұшыраған еді.

JP Morgan рекордты 13 млрд. доллар көлеміндегі өтемақыны төлейтін болды
Шетелдік БАҚ-тың жазуынша, бұл келісім тұрғын үй саласындағы серпіліс кезінде Fannie Mae және Freddie Mac секілді ипотекалық алпауыттарды JP Morgan жаңылыстырды деген айыптаулар тұрғысындағы наразылықты шешу үшін 5,1 млрд. доллар көлеміндегі қаржыны төлеуді қарастырады. Бұл осы уақытқа дейін америкалық банктер төлеген өтемақылардың ішіндегі ең қомақтысы болып табылады. Бұдан бұрын JP Morgan қаржы дағдарысы кезінде ипотекалық құнды қағаздарда өздерінің қаржысын жоғалтқан инвесторларға 4,5 млрд. доллар төлеуге келіскен еді. Бұл келісім 21 ірі институционалдық инвесторға қатысты болып отыр.