Jusan Bank акционерлеріне дивиденд төленбейтін болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Jusan Bank-тің 2021 жылғы жай акциялары бойынша дивиденд төленбейтін болды, деп жазады ҚазАқпарат.

Jusan Bank акционерлеріне дивиденд төленбейтін болды

Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған «First Heartland Jusan Bank» АҚ (Алматы) өз акционерлерінің өткен жылдық жалпы жиналысының шешімдері туралы KASE-ге хабарлады.
Акционерлер мынандай шешімдер қабылдады:

- тәуелсіз аудиторлардың есебін ескере отырып, банктің 2021 жылға

қаржылық есептілігін бекіту;

- Банктің 2021 жылға жай акциялары бойынша дивидендтер есептелмесін

және төленбесін;

- Банктің 2021 жылғы таза кірісі бөлінбесін және бөлінбеген таза кіріске

жіберілсін.