Қ.Баекенов пен «Формат» тобының жаңа бейнебаянын 1 сағат ішінде мыңға жуық адам тамашалаған - ВИДЕО

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қайрат Баекенов пен «Формат» тобының «Ән әлем» атты жаңа бейнебаяны бүгін Youtube желісіне жүктелді. Бірнеше сағаттың ішінде жаңа клипті мыңға жуық адам тамашалаған.

Қ.Баекенов пен «Формат» тобының жаңа бейнебаянын 1 сағат ішінде мыңға жуық адам тамашалаған - ВИДЕО

Бейнебаяндағы көрініс белгісіз галактикадан бастау алады. Бір айта кетерлігі, клип «Диснейлендтің» фантастикалық мультфильмдерін еске түсіретіндей. Youtube көрермендері клиптің өте сапалы түсірілгенін атап, бұл қазақ шоу-бизнесіндегі биылғы жылдың жаңалық әкелген бейнебаяны деп баға беруде.