К.Байсейітова атындағы опера және балет театры XIII маусымын «Біржан-Сара» операсымен ашпақ
АСТАНА. 30 қыркүйек. 4 қазан күні Күләш Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театры өзінің жаңа маусымын қазақ опера өнерінің үздік туындыларының бірі Мұқан Төлебаевтың «Біржан-Сара» операсының қойылымымен ашылады, деп хабарлады ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінен.
Аталған операның қойылымы Халық Қаһарманы, КСРО және Қазақстанның халық артисі, КСРО және Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор, аса көрнекті режиссер Әзірбайжан Мәмбетовтің 80 жылдығына арналады.
Басты партияларды К. Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрының солистері: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Айгүл Ниязова, Жанат Шыбықбаев, Сүндет Байғожин, сонымен қатар, Бейімбет Таңарықов, Өміржан Қадыров орындайды, қойылымға театрдың балеттік труппасы, хоры және симфониялық оркестрі қатысады.
Дирижеры - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдинов.