Қ.Досмұхамбетов «Самұрық-Қазына» қорының басқарушы директоры лауазымына тағайындалды

АСТАНА. 28 ақпан. ҚазАқпарат - «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы Басқарма төрағасының бұйрығымен Қанат Мұхаметкәрімұлы Досмұхамбетов аталмыш қордың басқарушы директоры лауазымына тағайындалды»,-деп хабарлайды акционерлік қоғамның баспасөз қызметі.
None
None

Естеріңізге сала кетейік, Қ.Досмұхамбетов осыған дейін Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетін басқарған. Енді ол «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорының Қаржы және қазынашылық комитетін және қаржы институттарын басқару департаменттеріне жетекшілік ететін болады.

Қ.Досмұхамбетов 1973 жылдың 22-ші желтоқсанында Алматыда туылған. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «экономист» мамандығы бойынша бітірген. Экономика ғылымының кандидаты.

Ол еңбек жолын 1994 жылы Қазақстан Республикасының Ұлтық банкінің Банктік бақылау департаментінің Банктік емес қаржы мекемелерін лицензиялау бөлімінің жетекші экономисі қызметінен бастаған. Бұдан соң ол Ұлттық банктің Лицензиялауды басқару басқармасының лицензия бөлімінің бас экономисі, Әдістеме бөлімінің бастығы, Банктік бақылау департаменті бастығының орынбасары, Үйлестіру басқармасының бастығы, Қаржылық бақылау департаменті бастығының орынбасары қызметтерін атқарған.  

2004-2006 жылдар аралығында Қаржылық нарығы мен қаржы ұйымдарын басқару агенттігінің төрағасы лауазымында болды. Одан соң, яғни 2006-2009 жылдары қаржы ұйымдарында түрлі басшылық қызметтерді атқарып, «ҚазАгро» ұлттық холдингі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды. 2009-2012 жылдары Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетін басқарды. «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасына 20 жыл» медальдарының иегері. Премьер-Министрдің алғыс хаттарының иегері.

Соңғы жаңалықтар