Қ. Есекеев «Алтелдің» шектеусіз интернет тарифінің қайтарылуын жоққа шығармады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Алтел» лимитсіз интернетке оралуы мүмкін. Бұл туралы бүгін Астанада «Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев мәлім етті.
None
None

«Қазақтелеком: инновациялар стратегиясы» форумы барысында тілшілер компания басшысына «Алтел» лимитсіз итернетті қайтара ма?» деген сауал қойды.

«Бізде трафикке қатысты жағдай бір сарынды емес. Дегенмен де  сыртқы трафикті өте көп пайдаланамыз. Сыртқы трафик үшін сәйкесінше біздің компания төлем жасайды және де кез келген бағамдық өзгерістер бізге осыған әрекет етуге мәжбүрлейді», - деп тоқталды Қ. Есекеев.

Басқарма төрағасы лимитсіз интернет бойынша «Қазақтелекомның» үйге тартылған желісін пайдалануға кеңес берді. Компания басшысының пайымынша, оның бағасы бәсекеге қабілетті.

«Мобильдік желі үшін интернет бойынша тарифтерге тоқталатын болсақ, бұл - бәсекелестік қызмет. Сондықтан да егер де қазіргі кезде лимитсіз интернеттен бас тарту өзінің тиімсіздігін көрсетсе, онда сәйкесінше лимитсіз желіге оралуға тура келеді»,-деді Қ. Есекеев.

Соңғы жаңалықтар