Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ 21 студенті «Шеврон» компаниясының арнайы стипендиясын алады

АЛМАТЫ. Қаңтардың 29-ы. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ – Бүгін Алматыда Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің техникалық мамандықтары бойынша «Шеврон» компаниясы тағайындаған 2008-2009 оқу жылына арналған стипендиялық бағдарламасының жеңімпаздарына сертификаттар табыс етілді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Биыл «Шеврон» компаниясы ҚазҰТУ-нің техникалық мамандықтар бойынша күндізгі бөлімде оқитын 21 студентіне жартылай және толық стипендиялар бөлген еді. Бұл университет пен компания арасында орнаған ынтымақтастық бағдарламасы аясында жүзеге асты. Сертификаттарды табыс ету рәсімінде «Шеврон» корпорациясының Еуразиялық бөлімшесі директорының орынбасары Дональд Стеллинг университеттермен байланыс орнатуға бағытталған ғаламдық бағдарламасының Қазақстанда жүзеге асуы жайында сөз қозғады.«Университеттермен серіктестік бағдарламасы «Шеврон» компаниясының бүкіл дүниежүзі бойынша дарынды жастарға қолдау көрсетуді мақсат тұтқан бастамалардың бірі. Біз АҚШ, Канада, Австралия, Венесуэла, Таиланд, Индонезия, Үндістан, Оңтүстік Африка, Ұлыбритания және Қазақстан ? барлығы 10 мемлекеттің ең үздік 18 жоғарғы оқу орындарымен ынтымақтастық байланыс құрдық. Бағдарлама аясында университеттерге жаңа оқу бағдарламаларын енгізуге, материалдық-техникалық жағдайды жақсартуға көмектесеміз және үздік оқыған студенттерге гранттар мен стипендиялар тағайындаймыз», дейді Д. Стеллинг.Жалпы осы уақытқа дейін «Шеврон» компаниясының қаржылық қолдауының арқасында ҚазҰТУ кафедралары мен институттарының бірқатары жаңа зертханалық құрал-жабдықтарға және компьютерлік сыныптарға ие болды. Сондай-ақ, серіктестік бағдарламасы аясында университеттің веб-сайтын дамытуға қаржы бөлінді. Салтанатты жиында университет ректоры Жексенбек Әділов компанияның университеттермен ынтымақтастық орнату бағдарламасының маңыздылығына тоқталды.«Бұл бағдарлама бірінші кезекте мұнай-газ саласындағы мамандарды дайындау сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Біздің 21 студентімізді компания арнайы тағайындалған стипендияға лайықты деп танып отыр. Бұл бізге үлкен жауапкершілік жүктеп отыр. Өйткені, осы студенттеріміз болашақта еліміздің жетекші мұнай-газ компанияларында қызмет ететін болады. Аталған стипендия болашақ мамандар үшін үлкен қолдау болмақ және оларды еңбек етуге ынталандырады деп сенемін», деді Ж. Әділов.Марапаттау рәсімінен кейін ҚазҰТУ ректоры «Шеврон» корпорациясының Еуразиялық бөлімшесі директорының орынбасары Дональд Стеллингке өзара ынтымақтастықтың белгісі ретінде қазақтың шапанын жапты.
Соңғы жаңалықтар