Қ.И.Сатпаев атындағы ҚазҰТУ-да 180 магистрант магистр академиялық дәрежесіне ие болды

АТЫ. 1 сәуір. ҚазАқпарат /Әйгерім Әмір/ - Бүгін Алматыда Қ.И.Сатпаев атындағы ҚазҰТУ-да 40 мамандық бойынша техника және технологиялар саласында 180 магистрантқа магистр академиялық дәрежесі берілді.

Қ.И.Сатпаев атындағы ҚазҰТУ-да 180 магистрант  магистр академиялық дәрежесіне ие болды

Сондай-ақ, 50 түлек өте жақсы диссертациялық жұмыстары үшін ерекшеленді.

«Өздеріңізге белгілі Қ.И.Сатпаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университеті әлемнің түрлі елдеріндегі мамандар мен студенттерді біріктіретін халықаралық деңгейде тынбай білім беру және ғылыми зерттеу университеті. Елбасы «Алдағы күнде магистранттар мен PhD докторларын даярлау жүргізілетін болады» -деді. Міне, осыған байланысты біздің оқу орнымыз 2020 жылы халықаралық деңгейдегі зерттеуші оқу орындарының бірі болмақ. Сонымен қатар, алдыңғы қатардағы жетекші оқу орындары дәрежесінен көріну де жоспардастуденты бар. Жоспар бойынша болашақта магистратура және PhD докторантурасы - 30 %, бакалавриат студенттері - 70%, профессорлық оқытушылар құрамында, профессорлар - 35%, ғылым кандидаттары, PhD докторлары - 30% -ды құрауы тиіс» - деп атап өтті Қ.И.Сатпаев атындағы ҚазҰТУ-дың ректоры Жексенбек Әділов.

Аталмыш оқу орнында магистратура мен докторантураға ерекше көңіл бөлінуде. Соңғы 3 жылдың ішінде магистратура бөлімінде білім алушылардың саны 9 есеге, PhD докторлары 7 есеге өскен.