Қ.Келімбетов: Алматы Азиядағы ірі қаржы орталықтарының ондығына кіруі керек

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы қаласы жаһандық қаржы орталығының көрсеткішінде 58-ші орында тұр. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚР Ұлттық Банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов осылай мәлім етті.
None
None

«Қаржы орталықтарының бәсекеге қабілеттілігі жөніндегі жаһандық индекс бар. Олардың әлемдегі саны - 83. Алматы қаласы осы индексте 58-ші орында тұрып, Мәскеу, Варшава, Манила секілді қаржы орталықтарынан басып озды. Осының өзі көрсеткіштің жағымды екенін аңғартады, алайда біз әлі де ауқымды жұмыстарды атқаруымыз керек», - деді ҰБ төрағасы.

Оның айтуынша, алдағы міндет бойынша Алматы Азиядағы ірі қаржы орталықтарының ондығына кіруі керек.

«Әрине, біз Азиядағы индекстік көрсеткіш бойынша 13-ші орында тұрмыз. Сол тұрғыдан алғанда, міндетті толық орындауға мүмкіндік баршылық», - деді Қ.Келімбетов.

Соңғы жаңалықтар