Қ.Келімбетов: Рубльдің құнсыздануы теңгеге кері әсерін тигізбейді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Рубльдің құнсыздануы теңге бағамының ауытқуына әкелмейді, деп есептейді Қазақстан Ұлттық банкінің басшысы Қайрат Келімбетов.
«Жалпы Ресей нарығындағы рубль жағдайы тұрақтанды. Алаңдауға еш себеп жоқ деп ойлаймын. Біздің пікірімізше, Қазақстан экономикасының жағдайы айтарлықтай өзгерген жоқ», - деді Қ.Келімбетов.
КТК арнасы хабарлағандай, бас банкир рубльге емес, мұнайдың бағасына назар аудару керек деп кеңес береді. Ол тұрақты болса, Қазақстандағы доллардың күрт өсуі байқалмайды.