Қ. Қожамжаров ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы болып тағайындалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қ.П.Қожамжаровты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері
және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы қызметіне тағайындау туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. «Қ.П.Қожамжаровты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы қызметіне тағайындау туралы» Жарлық
Қайрат Пернешұлы Қожамжаров Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігінің төрағасы болып тағайындалсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев
Астана, Ақорда, 2015 жылғы 4 мамыр
№ 14