Қ. Қуанышбаев атындағы қазақ драма театрында «Үкілі жұлдыз» фарс-трагедиясының премьерасы өтеді

Театр - тәрбие мектебі, рухани азық алар орда. Сахнада көрсетілетін әр қойылымдағы актердің ойыны, режиссердің жұмысы көрермен жүрегімен үндес болуы қажет. Қойылымда бүгінгі қоғамға өз тамырын жайып үлгерген, қазақ халқының табиғатына жат - қарттар үйі, жалғыз қалған ата-ананың тағдыры, тәрбие көрмеген баланың қатыгездігі суреттеледі. Пенденің бәрі талантқа кенде емес, дегенмен, қиындығы мол өнер жолына тек жүрегінің түгі барлар ғана келеді. «Үкілі жұлдыз» спектаклі де осындай қиындыққа төзе білген жанның өмірімен өрнектеледі. Аталмыш қойылым көрермендердің кең аудиториясына арналған, дейді театр қызметкерлері. Спектакльді тамашалай отырып, әр адам өзінің ата-анасына деген көзқарасын, анаға мейірімділігін сараптай алады.
Еске сала кетейік, «Үкілі жұлдыз» фарс-трагедиясының премьерасы 13-14 қарашада Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында өтеді.