Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театрында «АНТИВИРУС» спектаклінің премьерасы өтпек

АСТАНА. 10 мамыр. ҚазАқпарат - Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театрында 19-20 мамыр күндері драматург Е.Жуасбектің «АНТИВИРУС» спектаклінің тұсауы кесіледі,
None
None

деп хабарлады театрдың ақпараттық қызметі .

Спектакльдің қоюшы режиссері - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері - Болат Ұзақов. Басты рольдерді ҚР Халық әртісі Т.Мейрамов, ҚР«Дарын» мемлекеттік сыйлығының иегері Е.Малаев, ҚР еңбек сіңірген әртісі Ж.Мейрамова, Т.Атымтаева, Қ.Қыстықбаев, Қ.Бұғыбай, С.Тоқманғалиева, А.Жүгінісова, Ш.Ордабаев, Г.Жүсіпова, Т.Мұзаппаровалар сомдайды.

Жаһандану ғасыры. Еліміз дамушы елдердің қатарында. Бәсекеге қабілетті елдердің қатарына қосылу мақсатта көптеген жұмыстар тыңдырылып жатыр. Заман қарбаласының қағажау сәттерін дәл тани білетін келімсек-гастербайтерлер де қарап қалмай біздің қаражатқа еліміздің қара жұмысын істеуде.

Бұл спектакль бүгінгі күннің тыныс-тіршілігін суреттейді. Қала адамдары өз басының мәселелерімен әлек. Сол тылсым тіршілігі қызу жұмыс басындағы бір техникалық қызмет көрсету орталығы спектакль оқиғасының өтетін орны. Оқиға желісі осындағы жұмыскерлер мен клиенттер арасында өрбиді. Олардың араларында ашулану да, ренжісу де, тіпті махаббат сезімі де орын табады. Ең бастысы, оқиға желісі аяқ астынан келімсек әйелдердің пайда болуынан қыза түседі. Олардың арасында жасы да, кәрісі де бар. Міне осы қызық ты да, тылсым оқиғаның соңы қандай болмақ екен? Ол әйелдер кім және қайдан келген? Олардың бұл жерде қандай қатысы бар екенін спектакльден көрелік.

Соңғы жаңалықтар