Қ.Лама Шариф экстремистік идеялардың таралуына зияткерлік тұрғыда тойтарыс беруге шақырды

АСТАНА.  15 қараша. ҚазАқпарат - Экстремистік идеялардың таралуына зияткерлік тұрғыда тойтарыс беруіміз қажет.
None
None

Бұл туралы бүгін елордада өтіп жатқан Қазақстан дін танушыларының ІІ Форумында ҚР Дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шариф айтты.

«Форумға қатысушылардың назарын дін атын жамылған экстремизм көріністерінің алдын алу сияқты маңызды мәселені шешуге аударғым келіп отыр. Бұл жерде сарапшы қоғамдастықтың, ғылыми және шығармашылық зиялылардың, бұқаралық ақпарат құралдарының белсенді қатысқаны барынша маңызды. Біз экстремистік идеялардың таралуына зияткерлік тұрғыда тойтарыс беруіміз қажет»,-деді агенттік төрағасы.

Бұл ретте Қ. Лама Шариф гуманитарлық саладағы ғалымдардың күш-жігері мен фанатизмнің және радикализмнің адамгершілікке қарсы идеологиясын бұл идеяны қолданушылардың діни ілімнің шынайы мән-мағанасын бұрмалайтындығын әшкерлеу керектігін баса айтты.

«Қазақстан қоғамын әсіресе жастарды экстремистік күштердің теріс пиғылды ықпалынан қорғау үшін насихат, ағарту және түсіндіру жұмыстарын жүргізуге тиімді тәсілдер жасап шығару қажет»,-деді ол.

Соңғы жаңалықтар