Қ.Лама Шариф: Кейбір дін адамдары үшін діни қызмет ету көп табыс әкелетін бизнес түріне айналып кеткен

АСТАНА.  15 қараша. ҚазАқпарат - Кейбір дін адамдары үшін діни қызмет ету көп табыс әкелетін бизнес түріне айналып кеткен.
None
None

Бұл туралы бүгін елордада өтіп жатқан Қазақстан дін танушыларының ІІ Форумында ҚР Дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шариф айтты.

«Діни бірлестіктердің басшылары қайыр-садақадан түсетін қаражатты мақсатсыз жұмсайтынына да көңіл аудару керек. Өкінішке орай кейбір дін адамдары үшін діни қызмет ету көп табыс әкелетін бизнес түріне айналып кеткен»,-деді агенттік басшысы.

Сондықтанда, оның пайымынша ресми тіркелген діни бірлестіктер қаржылық қызметтерін нақты айқын көрсеткендері абзал.

«Осылайша діни бірлестіктер өздерінің қаржы көздері туралы ақпаратты жариялау арқылы ашық қызметін жүргізе алады. Ал, бұл жағдай жергілікті тұрғындардың оларға деген дұрыс көзқарастарын қалыптастыруға ықпал етеді»,-деді Қ. Лама Шариф.

Соңғы жаңалықтар