Қ. Мәми: Қазақ елі үшін Құрбан айт - тек діни мереке ғана емес, ол - бейбітшілік пен келісімнің мерекесі

АСТАНА. 15 қазан. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми өзінің жеке парағында барша қазақстандықтарды Құрбан айт мейрамымен құттықтады.

Қ. Мәми: Қазақ елі үшін Құрбан айт - тек діни мереке ғана емес, ол - бейбітшілік пен келісімнің мерекесі

«Қасиетті Құрбан айт мерекесі құтты болсын! Діни төзімділік пен ұлтаралық ынтымақты берік ұстанған Қазақ елі үшін Құрбан айт - тек діни мереке ғана емес, ол - бейбітшілік пен келісімнің мерекесі. Дінаралық ынтымағын ырыс санайтын еліміз осы қасиетімен әлемге үлгі болып отыр. Құрбан айт - халқымыздың ежелден келе жатқан дәстүрі бойынша әркім айналасындағы адамдарға ең ізгі тілектерін тілейтін, өкпе, реніш біткеннің бәрі кешіріліп, адамдардың ниеті ізгілікке, бауырмалдыққа бұрылатын мереке. Осы ұлық мереке күні Жаратушыдан бүгінде өзінің бейбітшіліксүйгіштігімен әлемге кең танылған мемлекетіміз одан әрі өркендеп, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын деп тілейік. Барша адамдарды рухани кемелдікке үндейтін Ұлық мейрам - Құрбан айт құтты болсын! Шаңырақтарымыздан шаттық кетпесін!», - делінген құттықтауда.