Қ.Мәми «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы И.И. Рогов ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Қайрат Мәмиге «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалін тапсырды.

Қ.Мәми «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды

Аталған медальмен Қазақстан Республикасы Конституциясының ұлықтығын қамтамасыз етуге, еліміздің Тәуелсіздігін, Қазақстан қоғамындағы келісім мен тұрақтылықты нығайтуға, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауға елеулі үлес қосқан азаматтар Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығын мерекелеуге байланысты марапатталады.

Мемлекет басшысының тиісті №59 Жарлығына 2015 жылғы 5 тамызда қол қойылған.