Қ. Мәми Мәскеуде Жоғарғы арбитраждық, шаруашылық, экономикалық соттар төрағалары кеңесінің отырысына қатысты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылғы 19-20 қазан күндері Мәскеу қаласында Жоғарғы арбитраждық, шаруашылық, экономикалық және басқа да соттар төрағалары кеңесінің он екінші отырысы (бұдан әрі - Кеңес) және ТМД Экономикалық Сотының Пленумы өтті.
None
None

Іс-шараға Қайрат Мәми басқарған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының делегациясы қатысты.

Кеңес 2002 жылы сегіз мемлекет (Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан және Украина) қол қойған арнайы келісіммен құрылды. Кеңес достастық мемлекеттерінің жоғарғы соттарының өзара іс-қимыл арқылы ТМД-дағы сот төрелігінің тиімділігін қамтамасыз ету үшін ортақ тәсілдерді әзірлеу үшін құрылған тұрақты мекеме болып табылады.

Кеңес отырысында ТМД Экономикалық Сотын жаңғырту бойынша ұсыныстар мен Достастық елдерінің сот жүйесін дамытудың өзекті мәселелері қарастырылды.

Қазақстан тарапы ұлттық сот төрелігі жүйесін жетілдіру бойынша Кеңестің әлеуетін жоғары бағалайды. Кеңес шеңберіндегі кездесулер пікір және тәжірибе алмасуға жақсы мүмкіндік береді, сондай-ақ, құқық қорғау мәселелерінің кең ауқымын талқылайтын алаң ретінде қызмет етеді. Кездесулер арқылы заң үстемдігі принциптерін бірлесіп нығайту үшін ТМД мемлекеттері сот жүйесінің өзара әрекет тереңдетіледі және ортақ ұстанымдары айқындалады.

Кеңес отырысында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы «100 нақты қадам - баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» Ұлт жоспарының шеңберінде Қазақстанның сот жүйесінде жүргізілетін реформалармен өз әріптестерін хабардар етті. Астанада халықаралық қаржы орталығының және Астана қаржы сотының құрылатындығына ерекше назар аударылды.

Сапар барысында Қ.Мәми Қырғыз Республикасы Жоғарғы Сотының жаңадан сайланған төрағасы А.Тоқбаевамен екіжақты кездесу өткізді. Екіжақты кездесудің нәтижесі бойынша тараптар екі елдің жоғарғы сот органдары арасындағы байланыстарды кеңейтуге мүдделік танытты, деп хабарлайды ҚР Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар