К.Мәсімов Al Arabiya News Channel араб спутниктік ақпараттық телеарнасына эксклюзивті сұхбат берді
АСТАНА. 25 мамыр. ҚазАқпарат - IV Астаналық инвестициялық форум шеңберінде К.Мәсімов Al Arabiya News Channel араб спутниктік ақпараттық телеарнасына эксклюзивті сұхбат берді және дағдарыс үдерістерінің Қазақстан экономикасына әсеріне,
экономиканы тұрақтандыру шараларына, САК-пен ынтымақтастыққа, исламдық банкингке және Қазақстан Үкіметі жүргізетін халықаралық экономикалық саясатқа қатысты сауалдарға жауап берді.
Бұл туралы К.Мәсімовтің Facebook және Vkontakte-тегі парақшаларында айтылған.