К.Мәсімов әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларға кен орындарының жерасты сулары ресурстарын пайдалануға құқық беретін Үкімет қаулысының жобасын әзірлеуді тапсырды
АСТАНА. Сәуірдің 27-сі. ҚазАқпарат – Бүгін ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов жерасты суларын пайдалану мәселелеріне арналған жұмыс кеңесін өткізді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Премьер-Министр тез арада әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларға (ӘКК) кен орындарындағы жерасты сулары ресурстарын пайдалануға құқық беретін Үкімет қаулысының жобасын әзірлеуді тапсырды.Аталған шешім өткен аптада Астана қаласының дамуы жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы берген тапсырмаларды орындау үшін қабылданып отыр.