18:03, 13 Қаңтар 2009 | GMT +5
К.Мәсімов барлық мекемелердің статистикалық мәліметтерін топтастыруды тапсырды
АСТАНА. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін Статистика агенттігінің кеңейтілген алқа мәжілісіне қатысқан Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов агенттік төрайымы Анар Мешімбаеваға барлық мекемелердің статистикалық мәліметтерін топтастыруды тапсырды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Бүгінде еліміздің Статистика агенттігінен басқа салалық мекемелерде статистикалық мәліметтерді жинақтайтын мамандар жұмыс істеуде. Сіздерге осы мекемелердің мәліметтерін бір арнаға түсіріп, бір жерге топтастыру қажет. Статистика агенттігінде осы іспетті ақпараттың штабы болуы тиіс. Себебі бұл агенттік ұсынған ақпараттың негізінде біз мемлекеттік маңызы бар шешімдерді қабылдайтын боламыз», - деді К.Мәсімов. Премьер-Министр осы мәселеге байланысты тиісті жұмысты атқаруды Статистика агенттігінің төрайымы Анар Мешімбаеваға тапсырды.