К.Мәсімов Х.М.Гарсия-Маргальомен Испаниямен сауда-экономикалық қатынастар жайын талқылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет Үйінде ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов елордаға ресми сапармен келген Испания Корольдігінің сыртқы істер және ынтымақтастығы министрінің міндетін атқарушы Хосе Мануэль Гарсия-Маргальомен кездесу өткізді.

К.Мәсімов Х.М.Гарсия-Маргальомен Испаниямен сауда-экономикалық қатынастар жайын талқылады

Primeminister.kz сайтының хабарлауынша, кездесуге қатысушылар көлік инфрақұрылымы, ауыл шаруашылығы, инжиниринг, құрылыс саласындағы инвестициялық ынтымақтастықты дамытудың перспективаларын атап өтіп, екі елдің сауда-экономикалық қатынастары жайын талқылады.

Тараптар сондай-ақ құрылған Қазақстандық-Испандық Іскерлік кеңестің екі жақты іскерлік әріптестікті жандандыруға зор үлес қосатынына сенім білдірді.

Келіссөздер қорытындысы бойынша К.Мәсімов пен Х.М.Гарсия-Маргальо мемлекетаралық ынтымақтастықтың барлық салаларында өзара іс-қимылды одан әрі кеңейтуге келісті.