К.Мәсімов Қарағанды Мемлекеттік техникалық университетін аралады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Қарағанды Мемлекеттік техникалық университетін аралады. Бұл туралы Үкімет басшысының сайты хабарлады.
None
None

Қазақстан Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Қарағандыда Индустрияландыру бағдарламасының екінші бесжылдығына арналған кадрларды даярлаудың оқу үрдісімен танысты. Бұл жұмыстың барлығы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының аясында жүргізіліп жатыр.

Бүгін Кәрім Мәсімов Қарағанды техникалық университетінде болды, бұл ЖОО ИИД МБ-2 үшін кадрлар даярлауда негізгі оқу орны болып табылады және басым бағыттар - қара металлургия, машина жасау, тау-кен ісі бойынша мамандар даярлап шығарады. 14 техникалық әлемдік жетекші ЖОО ҚарМТУ-дің серіктес жоғары оқу орны болып табылады.

Қарағанды мемлекеттік техникалық университетіне барған Кәрім Мәсімовке «Автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша, оның ішінде «Робот техникасы» бағыты бойынша, «Энергетика» мамандығын бітіру жұмыстарын орындау аясында әзірленген қолданыстағы жабдықтар көрсетілді.

Сонымен қатар,  Премьер-министр Университетте жұмыс берушілердің бірлестігімен бірлесе отырып әзірленген Орталық Қазақстан аймағындағы өнеркәсіптің өзекті бағыттары бойынша 27 кәсіптік стандартпен, ҚарМТУ инновациялық жобалар көрмесімен танысты.

Соңғы жаңалықтар