К.Мәсімов Қарағандыдағы жаңа тұрғын үй кешенінің құрылысымен танысты

Тұрғын үй кешені «Өңірлерді дамыту 2020» бағдарламасы аясында «Самұрық Қазына» жылжымайтын мүлік қоры арқылы баспана» бағыты бойынша салынып жатыр.
К.Мәсімовке облыстық әкімдік өкілдері айтқандай, тұрғын үй қазақстандық өндірістің инновациялық панельдері арқылы салынуда.
Құрылыс жобасы Сарань қаласындағы үй салу комбинатының қуаттылығы жүктемесі ескеріле отырылып құрылды. Онда Қазақстанда бұрын шығарылмаған құрылыс саласына арналған жаңа өнімдер пайдаланылмақ.
Қарағанды әкімі Нұрлан Әубәкіров атап өткендей, аталған өнімдермен нысандарды салу құрылыс мерзімін 30-35% және еңбек шығынын 30% азайтуға жол ашады. Атап өту керек, бұл жұмыс сапасына кері әсер етпейді.
Сонымен қатар, жобада пайдаланылатын технология тұрғын үй құрылысының 1 шаршы метрінің құнын 20% қысқарта алады.