К.Мәсімов: ҚАЖК мен ішкі істер органдарына темір тордың арғы жағы мен бергі жағындағылардың рұқсат етілмеген байланыстарына жол бермеуді тапсырамын
ПАВЛОДАР. Қаркүйектің 14-і. ҚазАқпарат /Қанат Құлшыманов/ - ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Павлодар облысында жұмыс сапарымен жүрген кезінде ҚАЖК мен облыстық ішкі істер органдарына темір тордың арғы жағында отырған сотталғандар мен бақылаушылар арасындағы рұқсат етілмеген байланыстарына жол бермеуді тапсырды.
«ҚАЖК мен ішкі істер органдарына темір тордың арғы жағы мен бергі жағындағылардың рұқсат етілмеген байланыстарына жол бермеуді тапсырамын, - деді Премьер-Министр Павлодар облыстық ІІД болған кеңесте. - Өкінішке орай, кейбір облыстарда келеңсіз мысалдар жеткілікті».