16:52, 06 Мамыр 2011 | GMT +5
К.Мәсімов: ҚР экономикасы өсіп, мұнай бағасы төмендеп келеді
АСТАНА. 6 мамыр. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) миссиясымен кездесті.

Бұл туралы Үкімет басшысы Twitter-дегі жеке парағында хабарлады.
«ХВҚ-мен кездестім. Халықаралық экономика мәселелері мен Қазақстандағы жағдайды талқыладық. ҚР экономикасы өсіп, мұнай бағасы төмендеп келе жатыр», - деп атап өтті Кәрім Мәсімов.