К.Мәсімов ҚР Энергетика министрлігі ұжымына жаңа басшыны таныстырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов ҚР Энергетика министрлігі ұжымына осы лауазымға Қазақстан Респбликасы Президентінің Жарлығымен тағайындалған ведомствоның жаңа басшысы Қанат Бозымбаевты таныстырды. Бұл туралы Үкімет басшысының сайты хабарлады.

К.Мәсімов ҚР Энергетика министрлігі ұжымына жаңа басшыны таныстырды

Қанат Бозымбаев Елбасының өзіне жоғары сенім артқанына алғыс айта келіп, министрлікке және тұтас осы салаға қойылған мақсаттар мен міндеттерді іске асыру үшін бар күш-жігерін, қабілетін және тәжірибесін салатынын атап өтті. Үкімет басшысы бұрынғы министр Владимир Школьникке атқарған жұмысына алғыс айта келе, көп жылдары түрлі мемлекеттік қызметтерде ел Президенттінің тапсырмасын адалдықпен әрі абыроймен орындағанын атап өтті.