К. Мәсімов: ҚР Үкіметі Елбасының тапсырмасын нақты орындап отырған ұйымшыл команда

СТАНА. Шілденің 27-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - ҚР Үкіметі Елбасының тапсырмасын нақты орындап отырған ұйымшыл команда. Бұндай пікірді бүгін Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті.

К. Мәсімов: ҚР Үкіметі Елбасының тапсырмасын нақты орындап отырған ұйымшыл команда

«Өзіңе-өзің баға беру айтарлықтай қиын. Бірінші кезекте жұмысты Президент, Парламент және еліміздің халқы бағалауы тиіс», - деді Премьер-Министр.

Айта кетейік, биылғы бірінші жартыжылдықта Қазақстанның ішкі жалпы өнімінің өсімі 8 пайызды құрап отыр. Сондай-ақ инфляция 4,4 пайыз деңгейінде.

«Менің пікірімше, жалпы Үкімет Елбасының тапсырмаларын нақты орындап отырған өте ұйымшыл команда. Кемшін тұстар бар, сынға алынып отырған Министрлер кабинеті мүшелері бар, алайда олар тырысып бағуда»,- деп атап өтті Үкімет басшысы. Осы орайда К. Мәсімов біреуінде жұмыстар жақсы, кейбіреуінде көрсеткіштер төмендеу болып жататынын, бірақ та атқарылған жұмыстардың жалпы көрсеткіші жақсы екенін жеткізді.