К.Мәсімов ҚР Үкіметінің жанындағы Экономиканы жаңарту жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізді

СТАНА. Қыркүйектің 1-і. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов ҚР Үкіметінің жанындағы Экономиканы жаңарту жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлайды Үкімет басшысының баспасөз қызметі.

К.Мәсімов ҚР Үкіметінің жанындағы Экономиканы жаңарту жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізді

Мемлекеттік комиссияның мүшелері минералдық-шикізат кешенінің дамуы бойынша салалы бағдарламалардың, сондай-ақ ҚР-ның 2010-2014 жылдарға арналған жеделдете индустриялық-инновациялық дамыту мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында дайындалып жатқан Қазақстандағы ғарыштық қызмет жобаларын талқыға салды.