К.Мәсімов құқық қорғау органдарын реформалау мәселелері жөнінде кеңес өткізді

СТАНА. Тамыздың 27-сі. ҚазАқпарат - Бүгін күннің алғашқы жартысында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов құқық қорғау органдарын реформалау мәселелері бойынша кеңес өткізді.

К.Мәсімов құқық қорғау органдарын реформалау мәселелері жөнінде кеңес өткізді

ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеңесте Елбасының осы жылғы тамыздың 17-сінде берген Қазақстан Республикасындағы құқық қорғау қызметінің және сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы қаралды.