23:46, 12 Шілде 2016 | GMT +5
К. Мәсімов Моңғолия Премьер-Министрі Ж. Эрдэнэбатты қызметке тағайындалуымен құттықтады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов Моңғолия Премьер-Министрі Ж. Эрдэнэбатты қызметке тағайындалуымен құттықтады, деп хабарлайды Pm.kz.
«Қазақстан мен Моңғолия арасындағы достық және сенімді өзара қарым-қатынас нығаю мен жан-жақты дамудың жақсы үрдісіне ие. Екі жақты ынтымақтастықтың терең әлеуетін ескерсек, келешекте ол өз жалғасын тауып, екі елдің өркендеуіне жұмыс жасайтынына сенімдімін», - делінген құттықтау жеделхатында.
«Ағымдағы жылдың 15-16 шілдесінде Моңғолия астанасы Ұланбатырда өтетін «Азия - Еуропа» 11 Саммитінің қорытындылары еліңіздің қарқынды дамуына жаңа серпін беретінін сеніммен айта аламын», - деп баса айтты ҚР Премьер-Министрі.
ҚР Премьер-Министрі Ж. Эрдэнэбатқа зор денсаулық, бақыт, жұмыста табыс, ал ынтымақтас моңғол халқына бейбітшілік пен гүлдену тіледі.