К. Мәсімов Оралда табиғат апаты салдарларын жою мәселелері жөнінде көшпелі кеңес өткізеді

АСТАНА. 18 мамыр. ҚазАқпарат /Қанат Құлшыманов/ - ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов жұмыс сапарымен Орал қаласына аттанып кетті.

К. Мәсімов Оралда табиғат апаты салдарларын жою мәселелері жөнінде көшпелі кеңес өткізеді

Үкімет басшысы Орал қаласының бесінші ықшам ауданында болып, су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға арналған үйлердің құрылысы барысымен танысады.

Сонымен қатар, К.Мәсімов табиғат апаты зардаптарын жою мәселелеріне арналған көшпелі кеңес өткізеді.